Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қаңтар, 2024

177

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ НАҒЫЗ ПАТРИОТ, РУХТЫ, ОТАНШЫЛ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БУЫНЫ ҚАЛЫПТАСУДА

Президентіміз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ екенін атап айтқан болатын. Қазақтың мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін бойыма сіңіріп, ел бірлігі мен татулығын сөз еткенде бойымда ерекше патриоттық сезім пайда болады. Себебі, бірлік отбасы, жарқын болашағы, тілі, бабаларымыздан бері қалыптасқан мәдениеті, дәстүрі – халықтың теңдесі жоқ асыл қазынасы, тірегі болып саналады. Сол елдің елдігін танытатын негізгі мұраларды қастерлеу, қасиет тұту, жастар бойына сіңіре алу біздің жарқын болашағымызды айқындай түсетіні сөзсіз.

Дәл осындай мақсатта Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде жас ұландықтармен кездестім. Менімен бірге кездесуге ҚХА мүшесі, қазақ батырларының дәстүрлерін жалғастырушысы әріптесім Сергей Цырульниковте барды.

Президентіміз «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек». деген сөзі арқылы тілі басқа болғанмен – тілегі бір, әртүрлі болғанмен рухы бір халық болғанмен, жастарды тәрбиелеуде ұлтқа бөлінбей отаншылдыққа тәрбиелеу арқылы Отанымызды қастерлей білетін, мұраларымызды құрметтей алатын, зайырлы мемлекет ретінде Қазақ жері әлемдік деңгейде өзіндік лайықты орынға ие болатынына сенімді жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тиімді жұмсай алуымыз керек.

Шын мәнісінде де, қабырғасы сөгілмейтін, іргесі бекем ел болу үшін болашаққа сенімді ұрпақ тәрбиелеу қажет. Нәтижесінде, нағыз патриот, рухты, отаншыл, жаңа Қазақстанның нағыз азаматы болатын қазақстандықтар буыны қалыптасады. Сонда ғана, тәуелсіздігіміз мәңгілік, болашағымыз жарқын да, баянды болмақ.

Одан әрі жанымдағы әріптесім Гиннестің рекордтар кітабына енген, ТМД-дағы алғашқы “изометрия” мектебінің негізін қалаушы және көптеген ерекше әлеуметтік, қайырымдылық жобалардың авторы, өзін Серғазы атап кеткен Сергей Цырульников жасұландықтарға өз жетістіктерімен бөлісе отырып, шеберлік сабағын өткізді.

Әсіресе Сергейдің жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, балалар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тартуға, ауыл мектептеріне көмек пен қайырымдылыққа бағытталғаны жастарға ерекше әсер берді.

- Батылдық, күш, ел мен халық үшін өзін құрбан етуге дайын болу-бұл қасиеттер жауынгерді ерекшелендіреді. Нағыз Отан қорғаушы болу үшін өзінің интеллектуалдық және физикалық әлеуетін үнемі дамытып отыру қажет, содан кейін сіз табысқа жетесіз, – деп атап өтті Сергей Цырульников.

Күш нөмірлерін көрсету колледж тәрбиеленушілеріне ұмытылмас әсер қалдырды. Мықты адам салмағы 970 кг-ға дейін жететін калибрленген тақаны жайып қана қоймай, оны бірнеше рет айналдырды. Ол қазақтың ұлы палуан Қажымұқан Мұнайтпасовтың нөмірін қайталады деседе болады. Ол 300 кг-ға дейін қарсыласу күші бар спортшы мен қарсыласу жолағының сенімді әрекеттеріне көнді, содан кейін ол көп күш жұмсамай, ұландарға естелік ретінде сыйлаған шегелерден жүректер жасады.


ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов


Кейін қарай