Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Шілде, 2016

1368

Спортшы – болу мәртебе

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және спорт күні мерекесінің қарсаңында Достық үйінде Көкшетау қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімінің жетекшісі Уалихан Ғалиев, «Ақмола облысының орыстар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен Ақмола облысының кикбоксинг федерациясының президенті Александр Герасимов спортшыларға сынақ кітапшасын және І, ІІ, ІІІ дәрежелі разрядтар куәлігін тапсыру рәсімін өткізді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы Жәнібек Қалиев Ақмола облысық кикбоксинг федерациясының жаттықтырушыларына өз ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

Көкшетау қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімінің жетекшісі Уалихан Қалиев спортшы жігіттерге сәттілік пен табыс тіледі. Бұл күні оларды туған-туыс, дос-жарандары да жетісіктерімен  құттықтауға келіп, қолдау білдірді. 

«Қоғамдық келісім»

мекемесінің баспасөз орталығы

Кейін қарай