Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қыркүйек, 2021

396

Ынтымақты ел болу – асыл мұрат

Панфилов ауданының Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қоғамдық келісім – ел бірлігінің негізі» атты Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.


Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы, ынтымақты ел болу – асыл мұратымыз, өркениетке қадам басу – басты бағытымыз.

Ассамблея ұлтаралық қатынастарды үйлестірудің тиімді институты ретінде тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.


Жиынның күн тәртібінде ҚР Президентінің 2021 жылы 1 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауын және «Келісім, татулық пен бірлікке бөленген 30 жыл» тақырыбындағы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХVІ сессиясында берілген тапсырманы орындауды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.


Отырыс жұмысына Панфилов, Кеген, Ұйғыр аудандарының Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесі, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты. Қатысушылар пікір алмасып, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың өзекті мәселесін талқылады.


Айта кетсек, жыл басынан бері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қоғамдық-саяси тұрақтылықты және Қазақстан халқының бірегейлігін сақтауға бағытталған 150-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Отырыс соңында ҚХА жұмысын дамытуға үлес қосқан Ассамблея құрылымдарының белсенділері марапатталды.

Кейін қарай