Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2022

237

Тіл мәртебесін ұлықтаған байқау

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен №217 IT мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні және А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты интеллектуалды сайыс өтті.


Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруді көздеген байқауға түрлі этнос оқушылары қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынасты.

Байқауға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, мекеменің бөлім басшысы Шахизат Абдраманова және аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек қазылық етті.

Байқаудың қорытындысы бойынша 2 топ тең дәрежеде жеңімпаз атанып, дипломдар мен сыйлықтар иеленді.


Кейін қарай