
17 Наурыз, 2017
1984
Суреттегі ертегілер
Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Достық үйінде неміс халқының ағайынды Гримм ертегішілерінің шығармашылығына, сондай-ақ жинақтарының баспадан шыққанына 205 жылдығына орай арналған сурет-иллюстрация байқауының қорытындысы мен марапаттау рәсімі өтті.
Аталмыш іс-шараны «Возрождение» Қазақстан немістер қоғамы қауымдастығының қолдауымен «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты 19 ғасыр ертегішілерімен танысу арқылы балалардың шығармашылығын ояту. Байқауға 400-ден астам сурет қабылданса, ең үздік 48 сурет көрмеге қойылды.
Сайыстың жеңімпаздарын «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті А.А.Гибнер мен әділқазылар мүшесі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ әдіскері В.А. Майкович марапаттады.
Өз сөзінде «Жамбыл облысы немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті А.А.Гибнер «Ағайынды Гримм ертегілері бізді неге шақырады? Олардың шығармаларында әлемді сүю, мейірімділік, еңбексүйгіштік, жақындарына деген сүйіспеншілік, үлкенге деген құрметті суреттейді. Ал біздің көктемдегі басты мейрамымыз Наурыз да дәл осындай жақсы қасиеттерге баулиды. Сондықтан да бүгінгі көрме Наурыз мейрамы алдындағы алғашқы кездесуіміздің бірі», - деп атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
17 Сәуір, 16:39
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
17 Сәуір, 09:19
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
18 Сәуір, 20:53
Астанада қазақ-орыс-ағылшын фразеологиялық сөздігінің тұсаукесері өтті
18 Сәуір, 10:56
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті