Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қараша, 2021

443

«Сыр өңірі - бейбітшілік пен келісімнің мекені»

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігі мен Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен «Шалом!» атты мерекелік шара өтті.


Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары (қоғамдық негізде) Ирина Шек, Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің директоры Анжела Садықбекова және «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Вера Иванова құттықтау сөз сөйледі.


Шараға облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, мектеп мұғалімдері және оқушылар қатысты.

Сондай-ақ, мәдениет күнін ұйымдастыруға қатысқан этномәдени бірлестіктің бірқатар белсенділері мен мектеп ұжымының өкілдері арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

«Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында этностардың мәдениет күндерін өткізу қараша-желтоқсан айларында жалғасын табатын болады.

Кейін қарай