Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2022

564

Сыр өңірінде этнос өкілдері көктем мерекесін қарсы алды

Сыр өңірінде этнос өкілдері халық бірлігі, достық пен келісімнің мағынасы бар мерекелерді жыл сайын атап өтеді.

Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Масленица» мерекесі өтті.

Мерекелік шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.


Масленица – бұл бір апта бойы атап өтілетін қыс пен көктемнің кездесуіне арналған мереке. Әр күнді мерекелеудің өз ерекшелігі бар.

Шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов қатысушыларды жайдары шұғылалы көктемнің келуімен, Масленица мерекесімен құттықтады.

Мереке «Сударушки» вокалдық тобы мен әншілердің орындауындағы көңілді әндермен, әсерлі билермен жалғасты. Сондай-ақ балалар ертегілерінің желісі бойынша қойылымдар ойнатылып, қозғалмалы ойындар өткізілді. Оған барлық тілек білдірушілер қатысты.


Достық үйінің фойесінде «Славяне» орталығымен белсенді жұмыс істейтін мектептер ұсынған славян тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды. Келген қонақтар Масленицада дәстүрлі тағам құймақ дәмін тата алды. Қысты шығарып салу және көктемді қарсы алу мерекесі тұлыпты өртеумен аяқталды.

Кейін қарай