10 Тамыз, 2016
1340
Түмен облысындағы құрылтай
«Құрылтай» үлкен жиналыс, келелі әңгіме айтылатын кездесу деген мағынаны білдіреді. Бұл ерекше дәстүр ертеден қалыптасқан. Онда түрлі аймақтар, рулар, тайпалар өкілдері бас қосып, саяси және экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелер талқыланған: кіммен уақытша бітім жасасып, ал кімге қарсы шайқасу керектігі шешілген; бірінші басшыларды (хандарды) сайлап, шаруашылық мәселелері көтерілген (мысалы, жайлауларды бөлген). Маңызды отырыстан кейін дастарқанға, жарыстарға, ойындарға кезек берілетін болған.
Бүгінгі таңда бұл – осы өңірде тұратын қазақтардың күнтізбелік ең басты мерекелерінің бірі. Жыл сайын Түмен облысында Құрылтай кең ауқымда және көңілді өткізіледі. 2015 жылы мерекені Есіл ауданы ұйымдастырды – іс-шарада 4000-ға жуық адам болды. Биыл Казанский ауданының (бұл аймақ Қазақстанмен шекаралас болып келеді) 85 жылдығына орай құрылтай Казанское ауылында өтті.
Түмен құрылтайына Қазақстан өкілдері жыл сайын қатысады. Петропавлдан барған делегацияға Солтүстік Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов басшылық етті.
Іс-шара бағдарламасында түрлі мазмұнды іс-шаралар молынан молынан қамтылды: ұлттық үйлер тігіліп, алуан түрлі тағамдар әзірленді. Жарыстар, ойындар, конкурстар өткізіліп, концерттік бағдарламалар ұсынылды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қонаев қ. Мәдениет үйінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы неміс қоғамының кездесуі өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Ұлттық құрылтай мен саяси реформаларды түсіндіру жөніндегі республикалық әдістемелік орталық мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
«Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам диалогының жаңа кезеңі» атты ҚХА кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» Алматы облысындағы Достық аллеясына ағаш көшеттерін отырғызды