
26 Сәуір, 2022
85
«Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі «Cockuk Byiramy» мерекесін өткізді
23 сәуірде Түркияда ең маңызды мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні мен балалар күні атап өтіледі. Ұлы түрік билеушісі Мұстафа Кемал Ататүрік, балалар өмірдің ең басты құндылықтарының бірі – бала, бала тәрбиесі өте маңызды, себебі, балалар болашақтың кепілі деген болатын.
Жыл сайын осы күні Түркияда Мерекелер, концерттік бағдарламалар, спорттық іс-шаралар, түрлі ойын-сауық шоулар сынды ауқымды іс-шаралар өткізіледі.
"Түрік мәдениеті" қоғамдық бірлестігі жыл сайын, 23 сәуірде балалар мерекесіне орай "Cockuk Byiramy" атты іс-шара ұйымдастырып, түрлі этностардың балаларын түрік мәдениетінің ерекшеліктерімен, мерекелеу дәстүрлерімен, сондай-ақ, түрік ән, би, ұлттық ойындарымен таныстырады.
Биыл аталған іс-шара Достық үйінде ұйымдастырылды, оған әртүрлі этномәдени орталықтардан, сондай-ақ Петропавл қаласының мектептерінен балалар шақырылды. Балаларға бай мазмұнды бағдарламалар дайындалды. Мерекенің басында қатысушыларды "Түрік мәдениеті" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Танрикулу Дурсун құттықтады, ол Түркияда бұл мереке ең басты және ерекше мереке болып табылатынын, өйткені бұл күні барлық ересектер балаларды қуантуға тырысып, оларға сыйлықтар мен жақсы көңіл-күй сыйлайтынын баяндады.
Жүргізуші барлық қатысушыларды төрт тілде – қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде құттықтады.
Бағдарламада түрік тілінде әндер шырқалды, би ұжымдары халық билерімен барша қатысушыларды тамсандырды, ал түрік тіліндегі өлеңдер өз дара әуезімен таң қалдырды.
Бірақ іс-шара тек концерттік бағдарлама көрсетумен ғана шектелген жоқ. Елена Юрова домбыра, қобыз, домра, скрипка, гитара, баян, флейта сынды түрлі музыкалық аспаптардың пайда болу тарихы туралы баяндады. Осыдан соң қатысушылар, осы аспаптардың әрқайсысының тарихы туралы өздерін таң-тамаша еткен қызықты ақпараттар туралы ерекше әсерлерімен бөлісті.
Іс-шараның ақпараттық-ағарту блогынан кейін аниматорлар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар би және музыкалық байқауларға белсене қатысып, түрлі ойындар ойнады. Бағдарлама соңында барлық қатысушылар Түрік орталығының төрағасынің бастамашылығымен "Халай" түрік халық биін биледі.
Іс-шара соңында барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, шағын дастархан жайылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылауда
-
Қызылжар бірлік мерекесін тойлады
-
Ынтымақ мерекесінің маңызы айтылды
-
Ағаш егу акциясын өткізді
-
ҚХА-ның трансформациясы қоғамдық құрылымдарға өз септігін тигізеді
-
Ақтаудағы украин этномәдени бірлестігі «Қазақ тілінің алғашқы клубы» атты өз жобасын ұсынды
16 Маусым, 10:48
Нұр-Cұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
14 Маусым, 13:41
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА СЕССИЯСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
14 Маусым, 11:59
Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясы өтті
14 Маусым, 13:50
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ НЕГІЗДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ САЙЛАНДЫ
17 Маусым, 14:57
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының кеңейтілген отырысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылауда
-
Қызылжар бірлік мерекесін тойлады
-
Ынтымақ мерекесінің маңызы айтылды
-
Ағаш егу акциясын өткізді
-
ҚХА-ның трансформациясы қоғамдық құрылымдарға өз септігін тигізеді
-
Ақтаудағы украин этномәдени бірлестігі «Қазақ тілінің алғашқы клубы» атты өз жобасын ұсынды