Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2021

389

Түркістанда өткен шарада жастардың құқықтық мәдениеті сөз болды

Түркістан облыстық ҚХА жанындағы «Жанғыру жолы» РЖҚ Түркістан облыстық штабының «Жастардың нысаналы топтары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу» тақырыбындағы отырысы өтті. Жиынды «Жаңғыру жолы» РЖҚ Түркістан облыстық штабының жетекшісі Е.Баетов жүргізіп отырды.


Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының м.а. М.Камеденова, Қоғамдық даму басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы С.Исмаилов, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Айбын» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Б.Алдабергенов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, пробациялық есепте тұрған этнос жастары мен волонтерлер қатысты.

Кездесу барысында жастардың білім алуына және жұмысқа орналасуға арналған «Серпін», «Еңбек», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламаларының мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.


Кейін қарай