Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қараша, 2016

886

«Тәуелсіз Қазақстан» поезды Ақтөбе облысына жетті

2016 жылдың 16 қарашасында  Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы Ақтөбе облысының Хромтау қаласына келді. 

Республикалық акция делегациясын салтанатты түрде  Хромтау бекетінде облыс және аудан әкімдігінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер, қала тұрғындары мен қонақтары қарсы алды.

Облыс әкімінің орынбасары А.Шериязданов жиналған қауымды келе жатқан 25-жылдық мерейтоймен құттықтап, поезд  ұжымына нәтижелі жұмыс тіледі.

Өз кезегінде поезд штабының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰҮ халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Амиржан Альпейсов акция міндеттерімен, мақсатымен және штаб құрамымен таныстырды:

1 қарашада Астана қаласынан шыққан поезд, бүгін киелі жер, Әбілхайыр, Әйтеке би сияқты бабаларымыз,  Әлия секілді батыр қызымыз шыққан ұлылардың мекені Ақтөбе облысына да жеттік. Кеншілер елі Хромтау қаласы біздің 15 келіп жеткен станциямыз. «Тәуелсіз Қазақстан» поезының басты мақсаты 25 жылда жеткен жетістіктерімізді көрсету, елдің бірлігін нығайту, сонымен қатар елге әлеуметтік көмек беру. Поезд делегациясының 271 құрамының 72-сі медицина саласының мамандары. Сонымен қатар 7 министрліктіктің жетекші мамандары халыққа кеңес береді.

Штаб жұмысы өте қанық басталды. Аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, «Қоғамдық келісім» РММ-нің өкілдері Қоғамдық келісім кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында жергілікті халықты қабылдады.  Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Сонымен қатар акция барысында 23 адам қатысқан кәсіби емес медиаторларды оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды.

Осы  іс-шаралармен қатар кеңес қызметі бойынша  іс-шаралар өткізілді. Қала тұрғындары құқықтық, әлеуметтік, бизнес және ауылшаруашылық  мәселелер бойынша кеңестер алып, медициналық тексеруден өтті.

Хромтау қаласында «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық акциясының штабының жұмысы ертең де, яғни 17 қараша күні де жалғасын табады. Бұл күні «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында отбасылық типіндегі балалар үйіне бару, әлеуметтік нысандарды аралау, «25 жылдың белестері» тақырыбында лекция-презентацияларын өткізу жоспаранып отыр.

Кейін қарай