Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2015

1476

Тәуелсіздік күніне арналған акция

Маңғыстау облысының «Халыққа қызмет көрсету» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай патриоттық акция өткізілді. Акция ұйымдастырушылары – Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымы мен Маңғыстау облыстық жастар орталығы.

Маңғыстау облысының «Халыққа қызмет көрсету» орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай патриоттық акция өткізілді. Акция ұйымдастырушылары – Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымы мен Маңғыстау облыстық жастар орталығы.

 

Іс-шара аясында 16 жасқа толған мектеп оқушылары жеке басын куәландыратын құжат алды. Жеке куәлікті оқушыларға «Мисс Қазақстан-2015» байқауының жеңімпазы Әлия Мергенбаева табыстады. Сонымен қатар, қатысушыларға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дайындаған Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ақпараттық парақшасы мен Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы бар кітапшалар табысталды. Ел мерейін асыратын мерекеде жеке басты куәландыратын құжат  алу мен үшін зор бақыт,- дейді Ақтау қаласының тұрғыны Саят Ахметжанов. - «Тәуелсіздік күніне орай, халыққа қызмет көрсету орталығында «Қоғамдық келісім» мекемесінің сыйлықтарын алдым. Сыйлықтың ішінде, жейде, қалам, қойын дәптер, Н.Назарбаевтың биылғы жолдауы бар кітапшасы бар екен. Мұндай сыйлықтардың маған берілгеніне қуанып тұрмын. Баршаңызды мерекемен құттықтамын!» 

 

Біз жас ұрпақты отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беретін мұндай іс-шараларды жиі өткіземіз,- дейді Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының қызметкері Қамқа Күмісқалиева. - Баршаңызды 16 желтоқсан - ел Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын».

 

Іс-шара соңында акция қатысушылары естелікке суретке түсті.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай