Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2023

292

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Бірлік-Единство" этномәдени қоғамдық келісім бірлестігімен Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік діңгегі - халықтар достығы» атты танымдық кеш өтті.

Қазалы қалалық Мәдениет үйінде өткен тағылымды кеш еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бергі өсіп-өркендеуіне қатысты әзірленген кітап көрмесімен және өнерпаздардың театрландырылған қойылымымен бастау алды.

Мұнан соң танымдық кешті аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, жиылғандарды мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ бірқатар азаматтарға аудан әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының «Алғыс хатын» табыстады.

Сонымен қатар тәуелсіздік алған жылдардан бергі бір тудың астында достық пен бейбітшіліктің, бірліктің үлгісін көрсетіп келе жатқан этнос өкілдері патриоттық әндерден шашу шашып, танымдық шараның көркін кіргізді.


Кейін қарай