12 Желтоқсан, 2016
1518
Тәуелсіздік –халқымыздың ұлы мақтанышы
Таяуда Курчатов қаласындағы Достық үйінде әскери қызметкерлер, қала ұйымдары, кәсіпорын өкілдері, этно-мәдени бірлестік жетекшілері және дін өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Іс-шараның мақсаты Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын бағалау, еліміздің жарқын болашағының әрі қарай дамуына үлес қосуға үндеу.
Дөңгелек үстелді Достық үйінің директоры Шахмұрат Игембекұлы Төлеутаев ашып, отырысқа қатысушыларды алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай келе, Қазақстан өз дамуының 25 жылында «Стратегия-2030» бағдарламасын жүзеге асырып, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгенін, «Бес институционалдық реформа» ұлт жоспары жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
Жиналғандар алдында қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айнұр Амантайқызы Ахметова «Тәуелсіздік – халқымыздың ұлы мақтанышы» тақырыбында баяндама жасады.
Мерекелік іс-шараны Достық үйінің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концерт одан әрі жалғастырды. Іс-шара соңында Ш.И. Төлеутаев Достық үйінің белсенділерін алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті