
12 Желтоқсан, 2016
1014
Тәуелсіздік пойызы Ақсу өңірінде болды
Ақсу жұрты асыға күткен «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Матай темір жол бекетіне 9 желтоқсан күні жетті. 1000 - ға жуық жұрт жиналған перронда салтанатты жиын ұйымдастырылды. Вокзал басындағы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясының делегаттарын қарсы алушылар атынан Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлы құттықтап, егемендік алған жылдар ішінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстанның барлық салада жоғары жетістіктерге жеткенін, әлем таныған іргелі мемлекетке айналғанын, ұлтаралық, конфессияаралық татулық, қоғамдағы түсіністік басты құндылықтарымыздың бірі болып табылатынын айтты.
Матай ауылының тұрғыны, зейнеткер, «Ақсу ауданының құрметті азаматы» Бейсенбеков Аймұхан мұндай акциялардың қоғамды, этностарды ізгі мақсаттар жолында біріктіруші фактор ретіндегі маңызына тоқталса, пойыз жетекшісі Әлпейсов Әміржан «өтініш-тілектер ескерусіз қалмайды «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясы барысында тұрғындардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қарастырылды» деп баса айтты.
Іс-шаралар барысында 2014 жылы ашылған Түркістан-Сібір теміржолының ашылуына 80 жыл толуына байланысты ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Матай орта мектебінің мәжіліс залында пойыз жетекшісі Әлпейсов Әміржан Қайырұлы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақиянов, ҚХА мүшесі Асия Тұрсынқызы, Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Онда Елбасының көшбасшылық рөлі, Тәуелсіздігіміздің бүгіні болашағы, мемлекеттілігіміздің даму орнын айғақтайтын «Мәңгілік Ел» идеясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі қағидаттары тақырыбында мән мағынасы зор ойлар айтылды. Жиынға 180 адам қатысты.
Жиын соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылығымен мәдениет және өнер мектебінің ұжымының ұйымдастыруымен кітап көрмесі және концерттік бағдарламасы ұсынылды
қоғамдық мәні бар жайлар көбірек қозғалды. Тұрғындарды әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда ақ халатты абзал жандарда еш тыным болған жоқ. Матай ауылдық емханасында барлығы 335 адам кеңес алды. Дәрігерлердің қабылдауына келген адамдар толыққанды тексерілуден өтіп, кеңестер алды. Кеңес алғандардың 38-і бала.
Бірнеше нысандарда ірі ауқымдағы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы қатысушылары Матай орта мектебінің жұмысымен танысты. Қоғамдық келісім Кеңесінің қоғамдық қабылдауы, құқықтық көмек көрсету және заң мәселелері бойынша 7 адам пайдалы кеңестер алды. Әлеуметтік мәселелерлер оның ішінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласы бойынша консультативтік кеңестер берілді. Зейнетақы, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы, мүгедектерге, көп балалы, жалғыз басты анаға төленетін жәрдем ақы, зейнеткерлік жасқа байланысты сауалдармен 22 адам жауап алды. Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері, ҚКП «Атамекен» өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері бойынша консультативтік кеңестер берілді. Кеңес алған адамдар саны – 3.
Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен ауданның үздік мұғалімдерімен, білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу және қабылдау өткізілді. Кездесуге 150 адам келіп, қабылдауға 23 адам қатысты.
Сонымен қатар барлық теміржол бекеттерінде этносаралық қатынас мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу сауалнамасы да жүргізілуде.
БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Қазақстанның қуатты мемлекет ретінде орныққаны, халықтың тұрмыс сапасы жақсарғаны, әлеуметтік қолдаулардың артқаны атап көрсетілді.
Жоғарыда аталған іс-шараларға жалпы 1710 адам қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды
-
Президент кеңесшісі Павлодардағы Достық үйінде болды
-
Шымкентте «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Польшаның атақты түркітанушысы елордалық Достық үйінде қонақта болды
-
Президент кеңесшісі Павлодардағы Достық үйінде болды
-
Шымкентте «Тірегіміз - тәуелсіздік, байлығымыз - бірлік, мақсатымыз - өрлеу» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы өтті
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.