06 Қыркүйек, 2016
824
«Тәуелсіздік - тірегім» велошеруі
Тараз қаласында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік - тірегім» атты велошеру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналды. Велошеру «Достық» алаңынан бастау алып облыс орталығының көшелері арқылы халықаралық «Әулие-Ата» әуежайына дейін жалғасты.
Велошеруге барлығы 700-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев, әкімнің орынбасарлары, құқық қорғау және сот органдарының, өңірлік басқармалар мен мекемелердің, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкелері мен жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар тілек білдіруші қала тұрғындары бар. Аталған велошеруге қатысушылардың ішінде Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов те болды.
Облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев өз сөзінде: «Біздің қаламызда тұрғындар үшін бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық мүмкіндіктер жасалған. Өздерінің жоғары көрсеткіштерімен бізді Олимпиадалық ойындардың чемпиондары да қуантуда», - деп атап өтті.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен «Әулие-Ата» қазақ, «Айнуры» татар-башқұрт, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Кенжебек Өмірбеков, Ербол Каншимбеков, Темурбек Ходжаев, Риналь Рахматуллин и Алихан Ахметовтер де велошеруге қатысып, жанкүйер әріптестерінің ризашылығына бөленді. «Біз осындай спорттық іс-шараларға қуана-қуана қатысамыз, себебі спорт біздің денсаулығымызға пайдалы. Ең бастысы жеңу емес, қатысу!» деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ әдіскері Кенжебек Өмірбеков.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Оралда «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті
-
Отбасы – менің тірегім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
-
«Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты музыкалық кеш
-
Қарағандыда «Тәуелсіздік: ұлт рухының қайнар көзі және бастауы» тақырыбында онлайн талқылау өткізілді
-
Таразда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тәубе» акциясы ұйымдастырылды
-
Елордада тұрғындары «Тәуелсіздік басты құндылығымыз» шығармашылық көрмесін тамашалады