Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Шілде, 2021

459

Талдықорғанда экологиялық акция ұйымдастырылды

«30 игі іс» қайырымдылық керуен акциясы аясында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы Алматы облысының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, қалалық жағажай аумағында ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен экологиялық акция ұйымдастырды.


Шара табиғат пен су қоймаларының ластану проблемасына назар аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

«Бұл акция өте маңызды және тәрбиелік сипатқа ие. Мұндай іс-шаралар тұрақты болуы керек. Тиісті емес жерлерде қоқыс шығару мәселесіне назар аударып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру қажет», - деп атап өтті «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрағасы Руфина Усанова.


Кейін қарай