Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Шілде, 2021

277

Тараз қаласының Достық үйіне Өзбекстан елінің делегациясы келді

Тараз қаласының Достық үйіне Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов бастаған өзбек делегациясы келді.


Этносаралық келісім мен қоғамдағы бірлікті одан әрі нығайту мен екі ел арасындағы достықты арттыруды басты мақсат етіп келген бауырлас халық аймақтық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Тараз қаласындағы өзбек ұлтының өкілдерімен кездесті.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған келелі кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы, Жамбыл облысы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы және мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облыстық ЭМБ жетешілерімен өткен жиында бауырлас екі елдің саясаты, аймақтық өзбек этносының хал-ахуалы қозғалды.

- 2021 жыл Өзбекстан үшін ерекше жыл. Біз де Қазақстан секілді биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлағалы отырмыз. Сонымен қатар, биылғы жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа да 30 жыл толып отыр. Бауырлас халықтардың арасындағы байланыс жан-жақты нығайып жатқанына қуаныштымыз, - деді Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов.


Кейін қарай