18 Ақпан, 2020
1556602
Тараз: «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» челленджі Шымкентке жолданды
Тараз қаласының Достық үйінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өтті. Аталмыш форум эстафета түрінде Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Алматы қаласы арқылы Жамбыл жеріне жолданып отыр.
Форум барысында «Менің қазақ тіліне жету жолым», «Қазақ тілін қалай үйрендім?» деген сауалдарға облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелері жауап беріп, мемлекеттік тілді қалай меңгергендері туралы естеліктерімен бөлісті.
Бұдан бөлек тіл жанашырлары арасында «Мемлекеттік тіл - әлеуметтік баспалдақ» тақырыбында өзара ой-пікірлер ортаға салынды. Түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, ұлтаралық қатынас құралына айналуы туралы пікірлерін білдірді.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология және журналистика кафедрасының доценті Темірбай Мұқашев: «Қазақ тілі - құнарлы тіл. Сөздік қорға бай. Оны толық игеру, қамту - өзге этнос өкілі үшін оңай жұмыс емес. Елді құрметтеу, сыйлау, оған деген сүйіспеншілік сол елдің тілін білуден басталады. Бүгінгі форумда қазақша еркін сөйлеп отырған жастар мен түрлі этнос өкілдерін көріп разы болып отырмын», - деді өз сөзінде.
Іс-шара барысында «Жаңғыру жолы» жастар лигасы әзірлеген бейнеролик кқөрсетілді. Онда тұрғындары арасында шағын сауалнама жүргізіліп, мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері қаншалықты игергендіктері айқындалды. Бұған қоса қалалық жалпы білім беретін мектеп-гимназиялардың оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды.
Форум соңында «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының өкілі Айгүл Кабиева және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктері мен жастары эстафетаны Шымкент қаласына жолдады.
Форум этномәдени бірлестік мүшелерінің орындауындағы «Өз елім» әнімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 2019 жылдың 11 желтоқсанында «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» челленджін жариялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ
-
ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
«Тарих – жастар көзімен» атты республикалық жастар форумы
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
ҚХА Ақсақалдар кеңесі "Тоғызқұмалақ" қалалық жарысын ұйымдастырды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Республика күнімен құттықтауы