Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2023

224

ТАРАЗДА «АҚ ОРАМАЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2023 жылғы 25 қазанында Эльмира Мырзағали бастаған өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері Республика күніне орай нақ осы күні дүниеге келген нәрестелердің аналарына салтанатты түрде, дәстүрге айналған, ақ орамалдарды тапсырудың рәсімі — «Ақ орамал» акциясын өткізді.

​Татулық пен бірлік, тыныштық пен келісімді дәріптейтін «Ақ орамал» республикалық акциясы жалпы, бұрыннан келе жатқан ғұрыптарымыздың біріне негізделген.

Сонымен бірге, бұл акцияның өтетін орны да перзентхана болғаны кездейсоқ емес. Мәселен, ақ түс ана болумен, тазалыққа, ар-намыс, пәктіктікке тең келетіндіктен, шараны осы нысанда өткізу таңдалды.

Іс-шара барысында Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Инаятқызы мен Аналар кеңесінің өкілдері 10 жаңа босанған қыз-келіншектердің бастарына ақ тілеумен ақ орамал салды. Осы күні дүние есігін ашқан олардың сәбилеріне де сыйлықтар табыс етілді. Мейірімі мен ұлағаты мол ҚХА Аналары қыз-сәбилерге «үкілі моншақ», ұл-нәрестелерге «қамшы» сыйлады.




Кейін қарай