Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2021

43

Таразда Алексей Маслаков шығармашылық кеш өткізді

Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс автор-орындаушысы Алексей Маслаковтың шығармашылық кеші өтті. Ұйымдастырушы «Радонеж» Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі болды.

Іс-шара Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облыстық орыс драма театрының қолдауымен өтті. Кеште А.Маслаков әндерінен бөлек, Болат Окуджава, Евгений Евтушенко, Владимир Высоцкий, Александра Гармаш және т.б. шығармалары орындалып, көрермендер жүрегіне жол тапты.

Автор кеш барысында Тараз қаласында дүниеге келіп, Ресейдің Симферополь қаласында музыкалық училищеге түсіп, 1994 жылы тарихи отанына көшкендігі жөнінде де әңгімелеп берді. Іс-шара соңында «Радонеж» Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин Алексей Маслаковқа алғысхат табыс етті.


Кейін қарай