Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2021

791

Таразда этномәдени бірлестіктердің қатысуымен тіл фестивалі өтті

Наурыз мейрамы мен ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай, Тараз қаласында Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктер арасында қазақ тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында «Қазақ тілі – ғажап тіл» фестивалі өткізілді.

Іс-шара барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосқан өңірлік ассамблея белсенділері – әр этномәдени бірлестіктері салт-дәстүрлерін дәріптейтін ұлттық көрмелерін ұйымдастырды.

Тіл фестивалінің негізгі мақсаты – қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту, өзге этнос өкілдерінің ортасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеп, бейбітшілік пен келісімде ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал ету, сондай-ақ Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерімен байланыстарды дамыту.

Кейін қарай