
29 Қазан, 2021
3577
Таразда «Мың бала» жобасының жеңімпаздары анықталды
Таразда «Қоғамдық келісім» КММ-де аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік кезеңі өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – өзге этнос өкілдерінің жастарын қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін және тілін үйренуге шақыру.
Дүбірлі додада 54 үміткер үш номинация бойынша бақ сынасты. Яғни, ұстаздар қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламасы «Тіл мектебі» номинациясында, оқушылар арасында «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық байқауы бойынша сынға түсті.
«Тіл мектебі» номинациясында бірінші орынды №40 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақтоты Раймқұлова иеленді. Екінші орынды №1 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Баймақашева жеңіп алды, ал жүлделі үшінші орынды Қордай ауданы А.Пушкин атындағы № 7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Өмірзақова місе тұтты.
Сондай-ақ, «Өнер алды – қызыл тіл» номинациясын бойынша Жуалы ауданы Д. Похомов атындағы орта мектептің оқушысы Тамила Магамадова бірінші орынға жайғасты. Екінші жүлделі орынды Байзақ ауданындағы Ғ. Мұратбаев атындағы гимназияның оқушысы Әсима Вахбиева және Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы мектебінің оқушысы Лейла Кочалиева алса, үшінші орынды Сарысу ауданы Арыстанды ауылы мектебінің оқушысы Диар Айдаров, Байзақ ауданы Көктал ауылы мектебінің оқушысы Дайана Даянова және Меркі ауданындағы №44 орта мектебінің оқушысы Софья Сулиева қанағат тұтты.
Ал «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық байқаудың нәтижесі бойынша Қордай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы № 27 мектеп Тимур Ким бірінші орынды иелік етті. Екінші орын Байзақ ауданы Ю. Гагарин атындағы мектептің оқушысы Фатима Абазоваға бұйырса, үшінші орын мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Сарбиноз Орозованың қанжығасына байланды.
Бұған қоса, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты эссе байқауының жеңімпаздары да алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті
-
ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Сәтбаев қ. Достық үйінде «Салауатты сана» жобасының таныстырылымы өтті
-
ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты