Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қаңтар, 2024

94

ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ

Тараз қаласының Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығы ұйымдастырған әуезді де әсерлі орыс романсының кеші болып өтті.

Іс-шара аясында көрермендер романс тарихымен таныса отырып, кештің басты кейіпкерлері – әртістермен бірге жанды поэтикалық сөз бен сиқырлы әуен әлеміне еніп кетті. Бұл концерттің ерекшелігі – жанды сипаттағы музыкалық сүйемелдеу болды.

Концерт әр түрлі жастағы полиэтникалық аудиторияны біріктірді. Концерттік бағдарлама қатысушы қонақтарға солистердің орындауында 12 шығарма ұсынды.

Борис Пастернак, Иван Тургенев, Белла Ахмадуллина, Роберт Рождественский сияқты танымал авторлардың өлеңдеріне арналған романстар өздерінің лирикасымен қатар, кереметтей шынайылығымен таң қалдырды.


Кейін қарай