Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Сәуір, 2021

1822

Таразда неміс қоғамы Пасха мерекесін тойлады

Тараз қаласының Достық үйінде «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігі Пасха мейрамын атап өтті.

Іс-шараның басты мақсаты - неміс этносының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу. Сондай-ақ, шараға облыстық неміс этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері және өзге де этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Мерекеге жиылғандарды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы құттықтады. Сонымен қатар, «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнер мерекенің мән-мағынасын түсіндіріп өтті.


Пасха - бұл көктем мезгілі басталуын білдіретін дәстүрлі мейрам. Неміс пасхасыныӊ ерекше белгісі ретінде боялған жұмыртқалар, мол өнімді білдіретін қояндар, пісірілген нан және тәттілер болып саналады.

Мереке барысында ұлттық киім киген «Singende Herzen» вокалдық ансамблі неміс халық әндерін орындады. Этномәдени бірлестік жастары да қалыс қалмай әннен шашу шашты. Ал балалар театрландырылған үзінділер ұсынды.

Кейін қарай