Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қыркүйек, 2015

1827

«Татар мәдениет күні» тойланды

2015 жылғы 18 қыркүйек күні Орал қаласының  жастар шығармашылығы үйінде татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Татар мәдениеті күні» өтті.

2015 жылғы 18 қыркүйек күні Орал қаласының  жастар шығармашылығы үйінде татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Татар мәдениеті күні» өтті.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты облыс және қала тұрғындарын татар халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен және әдет-ғұрыптарымен таныстыру болып табылады.

Татар халқын және де мерекеге келген жұртшылықты құттықтауға БҚО әкімінің орынбасары Б.М. Макен, БҚО Ресей федерациясының вице-консулы Э.П.Пономорев, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Г.Х. Қапақов және тағы басқалары келді.

Мерекеге өндіріс орындары мен мекемелердің басшылары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, әскери қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер, мұғалімдер мен мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шарада Татарстан Республикасының еңбегі сіңірген әртістерінің және де Зеленов, Теректі аудандарындағы татар этномәдени бірлестігінің филиал өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді.

Аталған мерекелік шараға келген қала тұрғындары мен қала қонақтары тек концерттік бағдарламаны көріп қана қойған жок, сонымен қатар татар халқының ұлттық тағамдарының дәмін тату мүмкіндігіне де ие болды.

Сондай-ақ, татар ұлттық киімдерінің, декоративті қолөнер бұйымдарының және татар халқының ұлттық тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ

 

 

 

Кейін қарай