
03 Маусым, 2016
1038
Татуластыру рәсімдері туралы семинар ұйымдастырылды
Павлодар қалалық сотында облыстық соттың оқу орталығы базасында мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен "Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін қолдану практикасының өзекті мәселелері. Келешегі, дамуының басты бағыттары" атты тақырыпта семинар-кеңес өтті.
Семинардың жұмысына судьялар қауымынан басқа Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, этномәдени орталықтар, «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен мамандары, Павлодар қаласының пәтер иелерінің кооперативтер кеңесі, Медиаторлар ұлттық палатасы, адвокаттар алқасы, Павлодар қаласы әкімінің және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында қоғамда татуластыру рәсімдерін енгізу институттарының механизмін жасау және оны апробациялау мәселесі, татуластыру рәсімдерін насихаттау, тұрғындарды сауатты ақпараттандыруға мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып ұйымдастыру, құқықтық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды қарастыру, Павлодар қаласы әкімшілігінде және Достық үйінде ашылған «Медиация кабинетінің» және «Медиация орталығының» жұмысын тиімді дамыту, Павлодар қаласындағы пәтер иелерінің кооперативтерінде «Татуластыру рәсімдерінің ақпараттық бұрыштарын» ашу мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, татуластыру рәсімдерін қолданудағы өздерінің жетістіктерімен бөлісті және туындаған мәселелелерді айтып, оларды шешудің жолдарын талқылады.
Сот жүйесінде электрондық сот өндірісін енгізудің маңыздылығын ескере отырып, семинарға қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мүмкіншіліктері жан-жақты түсіндірілді, оның артықшылықтары мен қолданудағы қарапайымдылығы баяндалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша қоғамда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы даулардың артуын ескеріп, пәтер иелерінің кооперативтер кеңесінің тұрғындарды ақпараттандырудағы кең мүмкіндіктері бар екенін ескеріп, Павлодар қалалық соты мен Павлодар қаласы бойынша пәтер иелерінің кооперативтер кеңесі арасында Павлодар қаласындағы барлық пәтер иелерінің кооперативтерінде «татуластыру рәсімдерінің ақпараттық бұрышын» ашу жөніндегі келісім бекітілді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар қарастырылған мәселені ары қарай дамыту бойынша бірқатар біріккен іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігіне тоқталды. Ай сайын Достық үйінде семинар-кеңес өткізіп, онда әрбір мүдделі орган өздерінде атқарылған татуластыру рәсімін дамытуға бағытталған жұмыс есебін ұсынады.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді