Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2019

200543

Теміртау – Президентті еңбекпен есейткен шаһар

Астанадан Қарағандыға қарай шыққан кез-келген жолаушы қалаға кіре берістегі сол жақ қапталдағы арқаның кең даласында ұзыннан-ұзақ бірнеше шақырымға созылып, көк аспанға будақталған түтін шығарып жатқан  зауыттың шексіз құбырлары мен сол далада орын тепкен ғажайып қалаға көз тоқтатпай өтпесі анық. Дәл осы жерде болашақ Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұдан бірнеше жыл бұрын еңбек жолын бастап, «құрыштай шыңдалып» шыққан болатын.   

Теміртауға жетпей жатып-ақ жаңа автокөлік тас жолы бойына созылған шоқылардың ұшынан еліміздің өнеркәсіптік алыбы – металлургиялық комбинаттың түтінді құбырларын оңай байқауға болады.

Қала құраушы нысан өнеркәсіптік қалашықтың көптеген тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Айтпақшы, бұл кәсіпорын көлемі жағынан әлем бойынша Қытайдан кейінгі екінші металлургиялық комбинат болып саналады.

Теміртаудың барлық жолдары металлургия комбинатына бастап апарады. Республиканың орталық даңғылындағы Самарқанд су қоймасының жағалауындағы әкімшілік ғимараттардың, мешіттердің және шіркеудің қазіргі қасбеттерінің бойымен қонақтарды апаратын тағы бір жол бар. 2011 жылдың 22 қарашасында ашылған Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы мен екі металлургтің ескерткіші осы көріністердің барлығын бір жерге тоқайластырады. 

Қала жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді, жасыл желекке бөленген тұрғын үйлер, әлеуметтік және мәдени нысандар көптеп бой көтеруде. Айтпақшы, жасыл желек туралы…

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Иван Георгиадидің бастамасымен жыл сайынғы «Ағаш отырғыз» акциясы аясында Теміртау және Қарағанды қалаларында 2015 жылдан бастап 1500-ден астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Бастапқыда барлық көшеттер Теміртау маңындағы питомникте белгілі мөлшерге дейін өсіріледі.

Бұл акция жергілікті билік өкілдерінің, «Нұр Отан» партиясының, облыс оқушылары мен студенттері тарапынан кеңінен қолдау тапты.

Иван Владимировичтің Теміртау қаласының тумасы екенін атап өткеніміз жөн. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Имсталькон-Теміртау» ЖШС басқарады. 2007 жылы Теміртау қалалық мәслихатының депутаты, 2012 жылдан бастап Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Және тағы бір маңызды факт, ол депутаттық қызметтен басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық кеңесінің, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қайырымдылық және тәлімгерлер клубының мүшесі болып табылады. Қайырымдылықпен белсенді айналысады. Ол кез-келген азаматтың қайғысына бей-жай қарамайдындардың қатарында: ол аз қамтылғандарға, мүгедектерге, жетімдерге, жалғыз басты жандарға үнемі көмек қолын созады. Ардагерлер ұйымдарына, еріктілер бірлестіктері мен мүгедектер ұйымдарына көмек көрсеткені үшін меценат 2013 жылдан бастап бірнеше рет әртүрлі дипломдармен, алғыс хаттармен, құрмет белгілерімен, медальдармен марапатталды.

Иван Георгиади ең бастысы – Теміртау қаласындағы «Понтос» грек мәдени орталығы ҚБ төрағасының орынбасары болып табылады. Бірақ теміртаулықтар үшін Иван Владимировичтің есімі экологиялық ахуалды қалпына келтіруші күрескер ретінде танымал. Оның тәлімбағында өсірілген көшеттер тегін түрде тек Теміртауда ғана емес, Қарағандыда да отырғызуға бөлінеді.

Меценат Президенттің әркезде де баса назар аударатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын нақты ұстанады. Мемлекет басшысы Қарағанды облысына сапарларының бірінде: «Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырудағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы еске салғым келеді, қаладағы білім беру, медициналық және спорт нысандарының санын арттыру қажет», - деп атап өткен болатын.

Қазіргі заманғы бизнес қауымдастықтың тағы бір жарқын өкілі – Михаил Коновалов, сондай-ақ ол да Теміртау қаласының тумасы, Иван Георгиадидің тікелей басшылығымен еңбек жолын бастаған. Жас, креативті және өршіл басшы – Теміртау қалалық мәслихатының VI шақырылымының депутаты, «Жастар кадрлық резерві» жобасының финалисті, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Республикалық жобасының қатысушысы. Ол сондай-ақ Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді. Қаланың және облыстың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу жұмыстарына белсене атсалысады. 

2017 жылдың сәуір айында Қарағанды облысынан Ассамблея делегаты ретінде Астанаға баруы – оның естен кетпес сәтті кезеңі болып табылады. Михаил осымен екінші жыл қатарынан Қарағанды өңірінен Астанадағы ҚХА сессиясына қатысып қайтты.

Әңгіме барысында Михаил Коновалов: «Мен үшін әрбір жас қазақстандық сияқты бұл символдық мәнге ие. Қарағанды өңірінде 100-ге жуық этностар тұрады, Президенттің дана саясатының арқасында бұл халықтар өмір сүруді, жаңа ұрпақтарды өсіруді және елдің дамуына үлес қосуды одан әрі жалғастыруда», - деп атап өтті.  

Михаил еңбек жолын жергілікті банктердің бірінде сату жөніндегі қатардағы агенттен бастап, алты жыл ішінде бөлімше басшысына дейінгі жолдан өтті. Осыдан кейін өзінің әу бастағы қызметін өзгертіп, Теміртаудағы олимпиада бассейнінің директоры болып, спорт саласына кетеді. Сол кезеңнен бастап оның жастармен, оның тәрбиесімен және қоршаған ортаны қорғау мәселесімен тығыз байланыстағы қарқынды қоғамдық өмірі басталады.

Үш жыл бойы ол Михаил Иван Георгиадимен бірлесіп «Ағаш отырғыз» экологиялық жобасын белсенді іске асыруда. Жоба аясында түрлі көшет сұрыптары: қарағай, шырша, қайың, балқарағай ағаштары отырғызылды. Ауруханалар, балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары, интернаттар, кәсіптік училищелер және қала аулалары абаттандыру нысандары болып табылады.

2018 жылы өз серіктестерімен бірге қаланың ескі бөлігіндегі саябақты, жас жұбайларға арналған серуендеу көгалды алаңқайды өз қаражаттарына және өз күштерімен қалпына келтіруге атсалысты.

Бүгінгі таңда 300-ден астам адам жұмыс істейтін өз компаниясының басшысы болып табылады. Өз тағдырын Теміртаумен байланыстырған жас мамандар үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды шешуге көмек көрсетеді.

Атқарушы органдар деңгейінде қалада жалға берілетін тұрғын үй салу мәселелерін шешуге тұрақты үлес қосып келеді. Әріптестермен және серіктестермен ынтымақтастықта өз қызметкерлері үшін мемлекеттік жеке меншік серіктестік (МЖС) шеңберінде 280 орындық жеке балабақша құрылысын жүргізуге қатысуда. Аталған әлеуметтік нысанды ағымдағы жылдың күзінде пайдалануға беру жоспарлануда. Оны іске асыру тек қана балабақшаға кезекте тұруды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біз белгілі бір нәтижеге, қолдағы бар дүниеге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және сындарлы саясатының арқасында ғана қол жеткіздік. Ұлттық бірлік саясатының арқасында біздің елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, гүлденіп келеді, олар үшін Қазақстан түрлі   мәдениет пен дәстүрлерді жақындастырған, мамыражай тірлігінің тірегіне айналған құтты мекен болып табылады.

Теміртау – біздің Мемлекет басшысының еңбектегі отаны. Сондай-ақ, біздің қаламыз, бүкіл Қазақстан сияқты өздерінің тату-тәтті тірлігімен және әр түрлі ұлттық нақыштарымен танымал. Біз өзімізді ұлттық белгілері бойынша бөлмейміз – бәріміз бір халықпыз деп санаймыз.

Менің Сарыарқа жерінде дүниеге келуім, сонау 60-шы жылдардың соңында, әкемнің Орал техникалық мектебінің түлегі болған кезде бақытты билетті алып, Теміртау металлургиялық зауытына локомотив жүргізушісі ретінде жұмысқа жіберілуінен бастау алады.

Мен бүгінде экономикалық салада мемлекеттік қолдаудың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізіп келемін. Субсидиялауға пайыздық мөлшерлеменің сәйкестігі көптеген қазақстандықтарға өз ісін ашуға және сол арқылы елдің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік берді. Қазақстанның экономикасы дамыған отыз елдің қатарына кіруі – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», - дейді жас кәсіпкер

Теміртау ең жақын арада Қазақстан магниткасы ретінде Иван Георгиади мен Михаил Коновалов сияқты креативті және өршіл басшылардың бастамаларының арқасында өз тағдырын сынап көруге және өз бақытын  құруға келетіндердің көп бөлігін өзіне тартады деп және өз өмірін Теміртаумен байланыстыруды шешкен барлық қазақстандықтардың тыныш жұмыс істеуі мен отбасын құру үшін, тәуелсіз Қазақстанның бейбіт аспанының астында бақытты өмір сүріп, өркендеу үшін барынша жағдай жасау үшін барынша күш-жігер жұмсайтындығына сенім артамын.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Дата события ассамблеи: 19.03.2019

Кейін қарай