14 Қазан, 2021
363
Теміртауда Ерлан Құсайын ЭМБ мүшелерімен кездесті
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Теміртау қаласында басқарма басшысы Ерлан Құсайын этномәдени бірлестіктер және белсенді жастардың қатысуымен кездесу өткізді.
Ерлан Бейсембайұлы өз сөзінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету ішкі саясат басқармасының қызметіндегі маңызды бағыт екендігін атап өтті. Сәйкесінше жүктелген жауапкершілік те жоғары деді ол.
- Бүгінде облыстық ішкі саясат басқармасы құрылымында этносаралық қатынастарды дамыту бойынша бөлім құрылған. Бұл өз кезегінде тіл мәселесі, жастар ісі саясаты, үкіметтік емес ұйымдар мен ақпараттық салада өзара ықпалдастықты дамытуға мүмкіндік береді, - деді.
Кездесуде қатысушылар этномәдени бірлестіктердің Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІХ сессиясының нұсқауларын жүзеге асырудағы рөлі мен міндеттеріне, халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге, қайырымдылық пен еріктілердің нақты жобаларын іске асыру барысына тоқталды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылдың өзекті тұстары, мемлекеттік тіл мәртебесі де қарастырылды.
Сапар барысында “АрселорМитталТеміртау” АҚ базасында ашылған этномәдени орталық пен ҚХА кеңсесінің жұмысымен танысу өтті.
Теміртау жас белсенділерінің көшбасшысы Алена Хегай ілкімді жобалар жайлы, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы жоспарлармен бөлісті. Бұған қоса, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, металлургтер қаласында ашылатын Достық орталығы жайлы жақсы жаңалық айтылды. Орталықта Рухани жаңғыру кеңсесі, Үкіметтік емес ұйымдар, жастар ресурстық орталығы шоғырланатын болады.
Жұмыс сапары Осакаров, Абай аудандарында және Саран, Шахтинск қалаларында жалғасын табатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА ҒСК өкілдерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті