Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2016

1724

«Тіл – тәуелсіздік тірегі»

2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен,  облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының концерттік залында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді насихаттау, оның мәртебесін көтеру және қолданыс аясын кеңейту, жастар арасында қазақ тілін кеңінен қолдануды жетілдіру, тілге деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімдерін арттыру, облыстық, қалалық деңгейдегі түрлі іс-шараларға жастарды белсене атсалысуға тарту болды.

 Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаева мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге атсалысып келе жатқан жастарға Алғыс хат және сыйлық тапсырды.

Марапаттау шарасынан кейін мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлін арттыру, мемлекеттік тілді меңгерген және кеңінен қолдануда қол жеткен жетістіктері бар этнос жастарының іс-тәжіребилерін насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында басқарманың тапсырмасымен «Нұрлы әлем» қоғамдық қоры мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос жастары арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауын өткізді.

Байқаудың талабы бойынша сайыскерлер өздерін таныстырды, «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбында тілге байланысты мақалдың мағынасын түсіндірді, «Мәдениеттаным» тақырыбында берілген суреттерге қарап, салт-дәстүрдің атын атап, «Өнертаным» тақырыбы бойынша сайыскерлер өз таңдауы бойынша мемлекеттік тілде ән айтып, мәнерлеп оқу шеберлігін танытты.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай

Ең оқылымды