23 Қыркүйек, 2016
1682
«Тіл тазалығы үшін күресеміз» акциясы
2016 жылғы 21 қыркүйекте Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен, «Нұр-Отан» жастар қанатының қолдауымен «Нұрлы Әлем» қоғамдық қоры «Тіл тазалығы үшін күресеміз» акциясын ұйымдастырды.
Акция мақсаты: өскелең ұрпақтың ана тіліне деген құрмет сезімін ояту, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, азаматтардың тіл саясаты туралы ақпараттану деңгейін көтеру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
«Тіл тазалығы үшін күресеміз» акциясы автошеру түрінде өткізілді. Автошеру «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратынан бастау алып, Әбілқайыр хан даңғылы, М.Мәметова көшелерінде, 312 атқыштар бригадасы, темір жол вокзалы, Ш.Уәлиханов көшесі, Абай даңғылы, басқа да ірі көшелермен жүріп өтті.
Акция «Мега Ақтөбе» сауда-ойын сауық орталығында жалғасын тауып, «Сапалы сауда», «Сәлемдесу», «Достық тірегі» тақырыбында мемлекеттік тілде сұхбаттасу, сұрақ-жауап, викторина түрінде өткізілді.
Акцияға Ақтөбе қаласының жастары, этномәдени бірлестіктердің жастары, ЖОО студенттері қатысты.
«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ