03 Желтоқсан, 2015
1007
Туған үйді сақтаңыз
3 желтоқсан күні «Сібір казак бауырластығы» қоғамдық бірлестігіне 5 жыл толды. 5 жыл ішінде бірлестік көптеген іс-шараларда белсенділік танытты.
3 желтоқсан күні «Сібір казак бауырластығы» қоғамдық бірлестігіне 5 жыл толды. 5 жыл ішінде бірлестік көптеген іс-шараларда белсенділік танытты.
Осыған мерейтойға орай 5 желтоқсан күні Достық үйінің мәжіліс залында «Сібір казактар бауырластығы» қоғамдық бірлестігі мен КММ «Қоғамдық келісім» ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен жастар қауымы қатысты.
СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Н.Сәлімов өз сөзінде «Сібір казак бауырластығы» қоғамдық бірлестігінің жұмысына оң баға беріп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін казактарды құрмет грамотасымен марапаттады. Іс-шараға келген қонақтар қатарында «Қазақстандағы орыс қоғамы» Солтүстік Қазақстан филиалы төрағасы Н.Авдеев, «Свiтанок» украин мәдени орталығы төрағасы А.Плотко және «Радзiма» беларусь мәдени орталығының төрағасы М.Татаренколар болды.
Шара барысында аймақтық атаман орынбасары Д.Мокринский казактарға марапат жариялау туралы бұйрықты жеткізді. Полктің шіркеу қызметкері Максим әке мерекенің өтуіне өз батасын берді.
Сондай-ақ, салтанатты іс-шара барысында казак әйелдері Күні атап өтілді. Барлық уақытта казактарда әйелдер орны ерекше. Олар - отбасы берекесін сақтаушы, өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беретін, жарына адал жан.
Барлық саптық казактар жорықта болғанда, қорғаныс шебін қарттар, балалармен қоса батыл әйелдер қорғады. Осыған орай бұл күнді казак әйелдері Күні деп атаған.
Қиын-қыстау жылдары бәрі біріге отанын, жер - ананы қорғады, бейбіт уақытта таңертеңнен кешке дейін онда жұмыс істеді. Казак бауырластықты құрмет тұтты, бір-бірін қорғап арқаларымен тұрды және барлық қиындығымен, қуанышымен бөлісті.
Өз дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтамаған казактар, олар өзін казакпын деп есептемейді.
Іс-шара барысында төрт баланың анасы әрі асыл әжелеріміздің бірі Л.Хисматулина өз сөзінде отбасыдағы ананың рөлі, дәстүр мен тәрбие жөнінде сөз қозғады.
Мерекелік шара «Звонница - мұрасы» казак үлгілі вокалдық және хореографиялық ансамблі, «Звонница» орыс және казак әндерінің халық хоры, Влад Фирсов, Антон Гуторов, Станислав Шустов және Надежда Малыкина секілді әншілердің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Салтанатты іс-шара соңында әйелдер қауымының барлық өкілдеріне гүл шоқтары табысталып, қатысушыаларға арналған дастархан жайылды.