
30 Маусым, 2016
4214
Украина Конституциясы күніне арналды
Ағымдағы жылы 27 маусымда елордамыздағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігі жанындағы Украин ғылым және мәдениет орталығы Украина Конституциясының 20-жылдығы құрметіне «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
Астана қаласындағы «Ватра» «Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі бастамасымен өткізілген бұл іс-шараға Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен ұстаздары, этномәдени бірлестіктің өкілдері және дінбасылар қатысты.
Осы маңызды жиында сөз алған Украин ғылым және мәдениет орталығының басшысы, Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Украин журналистер одағының мүшесі Леонид Ясинский: «28 шілдеде Украина халқы Украина Жоғары Радасында қабылданған Конституцияның 20 жылдығын атап өтеді. Отандық және шетел сарапшыларының бағалауынша, Украина Конституциясы демократиялық негізге сай әзірленген. Оның қабылдануы негізінде мемлекеттік құрылыс үдерістерінің дамуына даңғыл жол ашылып, Украина құқықтық жүйесінің және оның заңдылығының одан әрі дамуына негіз қаланып, демократиялық құқықтық мемлекет қалыптасты»,-деді.
Леонид Петрович сөз орайында, жиналған қауымға өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, Украинадағы конституционализм тарихының қалыптасу үлгісін әңгімелеп берді. Осы жерде ол бүгінгі Украинаның өз тәуелсіздігі жолында ауыр кезеңдерді бастан өткеріп отырғанын және аймақтық тұтастық пен бірлікті сақтау жолында сынақтарға тап келгенін атай отырып: «Конституцияның негіздері мен ережелерін сақтай отырып, қазіргі тарихи дамуымызды осы уақыттың өзгерісімен сәтті үйлестіре білуіміз керек. Бұл тұста конституциялық реформа Украинаның одан әрі дамуына басты кепіл болып, қоғамның билікке деген сенімін арттыруы тиіс және халықаралық деңгейде ел ынтымағын нығайтып, еуропа қоғамдастығындағы интеграцияны толық дамытуға атсалысуымыз қажет», -деп сөзін түйіндеді.
Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Жұмабек Пұсырманов Қазақстан Республикасындағы конституциялық үдерістер жөнінде пікір айтты. Ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Астана қаласы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Юлия Шаповал Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Украина Конституциясына талдама жүргізіп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ерекшеліктерін айтып берді.
Жиын барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Мармонтова Қазақстандағы украиндықтардың этномәдениетті қалыптастырудағы үлесі туралы айтты. Сонымен бірге, ҚР Бас редакторлар клубының экс-президенті, саяси ғылымдардың кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кенжеболат Жолдыбай тұрғындарға қатысты ақпаратттық және құқықтық маңыздылық жөнінде ой бөлісіп, деректер келтірді. Сөз орайында ол поляк және кеңестік кезеңнің жазушысы болған Бурно Ясенскийдің: «Жаудан қорықпа – ең әрі кеткенде ол сені өлтірер. Достарыңнан қорықпа – ең әрі кеткенде ол сені сатып кетер. Енжарлықтан қорық – олар өлтірмейді де, сатпайды да, алайда солардың үнсіз келісімімен ғана, қара жерде опасыздық пен кісі өлтіру орын алады»,-деген сөздерін мысалға келтірді.
Кенжеболат Махмұтұлы атап өткендей, бұқаралық ақпарат құралдарда деректерді мәлімдеп қана қоймай, оның әрбір тармақтарын талдай білуіміз қажет. Ол атап өткен бірқатар мәселелердің қатарында еліміздің Конституциясына, Президент Жолдауына, жер мен басқа да сұрақтарға басымдық берілді.
Дөңгелек үстел жиынының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:
тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54
WhatsApp - 7707-310-53-54
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен активін салтанатты марапаттау рәсімі
-
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Республика күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен активін салтанатты марапаттау рәсімі
-
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚХА ДЕПУТАТТАРЫ ҚҰРЫЛЫС ЗАУЫТЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті