Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2016

1342

«Волгадағы шайқас» ерлік сабағы

2 ақпанда № 43 орта мектепте өткен «Волгадағы шайқас» ерлік сабағы кеңес әскерлерінің Сталинград шайқасында неміс-фашист күштерін талқандауына және Паулюстің 6-армиясының тізе бүккеніне 73 жыл толуына арналды.

Бұл күні 1943 жылы Волга жағалауында жеңіске жеттік, бұл Ұлы Отан соғысы барысында түпкілікті өзгерістің басталуына негіз болды. Көптеген тарихи оқиғалармен байланысты Сталинград қаласы, Ресейдің нышанына, орыс рухының және орыс халқы сипатының нышанына айналған қала бүкіл әлемге мәлім болды және батырлық, рухани төзімділік және өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті мәңгі есте сақтау белгісі болды.

11-сынып оқушыларымен кездесуде соғыс ардагері, Сталинград шайқасына қатысушы В.С. Черниковтың қызы, филология ғылымдарының кандидаты Н.В. Вьялицина «Сіздер неге бізге келдіңіздер?» деген сұрақты бірнеше мәрте қайталады. Бұл сұрақ оның әкесін көп толғандырған, ол 18 жасында соғысқа кеткен, алғаш рет немісті өлтіріп, оның жүзіне қарағанда (олар құрдас болған) тағы осы сұрақты өзіне қойған. Бұл сұраққа жауапты ол Отто фон Бисмарк немересінің «Не трогайте русских» сөзінен тапты.

Наталья Вьялицина қатысушыларға өзінің «В.С. Черников.  Воин, учитель, учёный» кітабын ұсынды.

Наталья Вьялицина әкесі туралы естеліктері арқылы оқушылар жүрегіне өз Отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімін оята білді.

Тарих  пәнінің мұғалімі және педагог В.С. Черниковты оның студенті Т.Ю. Родная еске алды.

Ұлы Отан соғысы тақырыбы жерлес ақынымыз, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Владимир Тимошин шығармашылығының арқауы болып табылады. Бұл күні ол оқушыларды өзінің соғыс туралы жаңа поэмасынан жеке үзінділермен таныстырды.

Кеңес халқының жеңіске жетуі қымбатқа түсті. Дегенмен өмір жалғасып келеді. 1967 жылы Волгоградтың бетке ұстар нышанына айналған  «Мамай қорғаны» мемориалдық кешені салынды. «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ баспасөз хатшысы Галина Кузьмина кешен туралы әңгімелеп берді. Ерлік сабағына № 43 мектеп оқушылары Кристина Полякова мен Дариға Құсайынова қатысты.

Сталинград шайқасы 1942 жылғы 17 шілдеден 1943 жылғы 2 ақпанға дейін 200 күн мен түнге созылды. Ел өз батырларының ерлігін жоғары бағалады: 112 Кеңес Одағының Батыры, 750 мың қатысушы «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды. Он мыңдай сарбаз бен офицер мемлекеттік марапаттарға ие болды. Қаза болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік!

Соңында «Братство сибирских казаков» ҚБ төрағасы, атаман Виктор Таранов өз атынан және «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ атынан мектеп ұжымына ынтымақтастық үшін алғыс хат берді және Н.В. Вьялицинаға гүл сыйлады.

Галина Кузьмина

 «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ

баспасөз хатшысы

Кейін қарай