05 Наурыз, 2015
1049
Әйел - сұлулықтың әміршісі
Жыл мезігілінде көктемнің алар орны ерекше. Ал биылғы жылдың өзіндік ерекшелігі тіпті алабөтен. Соның қатарындағы еліміздің басты іс-шарасының бірі-«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына-20 игі іс» атты айтулы мереке бүгінде респубикамыздың жер-жерінде ауқымды маңызға ие болып отыр. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен қабат келген осынау шараны Астана қаласындағы этномәденибірлестіктер мен орталықтар өкілдері де біркісідей атап өтуде. Соның айғағы іспеттес елордадағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы «Әйел. Көктем. Махаббат» атты мерекелік шараны «Парасат» мейрамханасында өткізді. Мұнда олар көзі көрмейтін қыз-келіншектерге арнап арнайы дастарқан жайып, ән мен жырдан шашу шашты. Расында қоғам қай кезде де қазақстанды мекен еткен барлық ұлт пен ұлыстарға ерекше назар аударып, олардың бірлігін нығайтуға барлық жағдай жасап отыр. Мемлекетіміздің басты ұстанған міндеті де осы. Әлем сарапшылары Қазақстанды ұлт пен ұлыстың татулығын сақтаған ерекше ел ретінде қарастырады. Оның негізгі ұйытқысы болып отырған Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институты дер едік. Мейрамханада өткен шарада осы маңызды институт қызметіне айрықша басымдық берілді. Ал өз кезегінде сөз алған Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Қуантай Татенов қоғамда әйелдер орны айрықша екеніне тоқталып, оларды даталы мерекесімен құттықтады. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қасиетті сөздің өзіндік мәні бар. Жер жүзінде олардың құрметіне әрқашан ерекше назар аударылған. Ана мейірімі, ана парасаты талай ұрпақты биікке көтерді. Осы тұрғыдан алғанда оларды жер бесігінің кіндігіне балауға болады. Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілі Гүлнар Тайгокова меймандарды құттықтау сөзінде бұл айтылғандарға айрықша басымдық беріп өтті. Г. Тайгокованың сөзінен мәлім болғанындай, Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы әлеуметтік көмекке зәру отбасыларға қамқорлық көрсетуді естен шығармаған. Басты мақсат-олардың қалыпты өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Бұл тұрғыдағы игі істер жыл сайын жалғасып келе жатыр екен. Осы іс-шараға келгендердің арасында 80 жасқа толған Антонин Фурман мен 60 жасқа келген Орынбасар Оспановтың есімдері аталды. Жалпы, тарих толқынында өз еңбектерімен еліміздің дамуына үлес қоса білген қайсыбір аға ұрпақ болмасын есімдерін құрметпен атап өтуге лайық. Жарасымды шараның көрігін қыздырған республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Жанар Әділбекова да өз өнерімен көпшілікті тәнті ете білді. Негізінде, әрбір жүрек мейірімге толса, өз ортаң да шуаққа бөленеді. Астана қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы осы мақсатты басты ұстанымына айналдырған. Ізгілік пен татулықтың жарасымды көрінісі осындай болса керек. Шара барысында Астана қалалық түрік этномәдени орталығының өкілі Аскер Пириев келген меймандарға сыйлықтар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы