07 Қазан, 2016
1150
Ғылыми жобалар конкурсы
Достық үйінде Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстардың өңірлік конкурсына ұсынылған жобаларды бағалау комиссиясының отырысы болып өтті.
Оған «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, ғылыми –сараптамалық бөлімінің қызметкерлері және Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамлеясының ғылыми-сарапшылық тобы қатысты.
Конкурстың мақсаты – ғылыми қоғамдастықты Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге ықпал ететін зерттеу жұмыстарына тарту және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басылып шығарылуына қолдау көрсету.
Конкурсқа 10 ғылыми жоба түсіп, барлығы комиссия мүшелерімен сарапталды.
Комиссия шешімі бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты А.Бағытжанованың
«ҚР жалпыұлттық бірегейліктің әлеуметтік мәдени және тілдік аспектілері» тақырыбындағы және осы университетінің заң ғылымдарының магистрлері Б.Тажгарина мен А.Салихованың «Қазақстандық азаматтық бірегейлік – болашағы біртұтас ұлт қалыптастырудың басты факторы» атты жобалары үздік деп танылып, республикалық деңгейде өтетін конкурсқа жолданды.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА делегациясы А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен кездесті
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады