14 Маусым, 2021
520
Қызылорда қаласының Достық үйінде Сабантой мейрамы тойланды
Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде дәстүрлі Сабантой мейрамы тойланды.
Сабантой татар тіліндегі ұғымда «жер өңдеу тойы» деген мағынаны білдіреді. Мерейлі мейрамның тарихы тым тереңде. Нәпақасын еңбектен тапқан татар этносы көктемгі егіс науқанын ойын-сауыққа ұластырған. Демек Сабантойды тойлаудың астарында егін бітік шықсын, жиын-терім мол болсын деген халықтың ақ тілегі мен арман-мұраты жатыр.
Сабантойдың негізі сынған құмыра болып саналады. Ал оны сындыру құрметті адамдарға ұсынылады. Осы орайда алғы сөз және аталмыш дәстүрді жүзеге асыру облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбековаға берілді.
«Тәуелсіздікпен бірге шаңырақ көтерген облыстық татар этномәдени бірлестігі аталған жылдар ішінде еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Олардың белсенділері үнемі бас қосып, мәдени салт-дәстүрді жаңғыртуға атсалысып, бабадан қалған бай мұраларын сақтап қалуға тырысып келеді. Бүгін міне, бауырмалдық, жомарттық пен қайырымдылық қасиеттерін айшықтайтын Сабантой мерекесінде жиналып отырмыз. Баршаңызды еңбек пен береке, бірліктің негізіне айналған айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын»,- деп құмыра сындыру рәсімін жасады.
Мейрам аясында меймандарға татар этносының ұлттық тағамы «чак-чак» таратылды. Ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Шым қаладан келген қонақтар Наиля Хузеева, Гулнур Файрузова музыкалық ән-шашуын тарту етті.
Концертпен қатар спорт кешенінде ұлттық сайыс түрлері армлестлинг, «татарча курәш» күресі, гір көтеру сайыстары өтті. Сайыс жеңімпаздарын облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшылық құрамы марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ