Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2019

1779

Қызылорда облысының ҚХА Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған конференция өткізді

Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлттық тарихи жады – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференция басында қатысушылардың назарына «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты көрме ұсынылды. 

MW6A6756.JPG


Конференцияға қатысушылар зұлмат жылдардың қасіретті кезеңін заман биігінен таразылап, тұжырым жасауға ұмтылыстың тағылымды қадамы жайында, ХХ ғасырдағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасы төгілген тарихтың шерлі беттерінің бірі болғандығы тұрғысында ой өрбітті.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды іс-шараларының бірі саналатын «Теңдессіз сый» акциясы аясында облыстық ассамблеяның құнды кітаптарын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы жанындағы «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» көрме залының кітапханасына сыйға тартты.

Конференция ҚР Президентінің Телерадиокешенінің «Чтобы помнили» қысқаметражды деректі фильмінің көрсетілімімен жалғасты.

Кейін қарай