Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Мамыр, 2023

86

Қызылордада Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Отбасы мектеп» штабы жұмысы аясында «Ата ақылы – асыл мұра» тақырыбында ер балаларға арналған лекторий өтті. Қызылорда облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөн

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күнінде Қызылорда облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өңірлік ҚХА құрылым мүшелері, Аналар кеңесінің белсенділері отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар үйіне барды

“Отбасы - ұлағат ұясы” атты фестивалге қатысты. Шараға ерекше дайындалған балалар 7 топқа бөлініп, өнер көрсетті. Балалар отбасы беріктігін, ата-анаға деген құрмет пен бауырға деген қамқорлықты дәріптеп, көріністер қойды. Жүрек тебірентер ән шырқап, түрлі би биледі.

"Қоғамдық келісім” КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев: “Бүгін біз мерекеге орай сыйлықтармен Атамекен балалар ауылына келдік. Балалар «Отбасы күнін» атап өтті. Жан-жақты жас өрендер өсіп келеді, олармен дидарластық. Жүрегі жылы мейірімді тәрбиешілердің жұмысына риза болдық. Бізге атмосфера қатты ұнады. Барлық балалар жақсы адам болып өсе берсін! Достық, бірлік, ынтымағымыз арта берсін!", - дей келе, әр топқа сыйлықтар мен “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камаловтың Алғыс хатын табыстады.

Ал Славяне этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова мен Өзбек эмб жетекшісінің орынбасары, Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Манзура Абдугафарова барлық балаларды мерекемен құттықтап, бүгінгі әдемі шараның көркін келтірген барша балаларға аналық алғыстарын жаудырды. Әр бірлестік тарапынан сыйлықтар табыстады.

Шара соңында Атамекен балалар ауылының директоры Лиза Скакова мерекеде құттықтап келген меймандарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, әр 7 топтың ең кіші бүлдіршіндеріне велосипед пен самокат сыйға тартты.

Кейін қарай