Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2021

558

Қызылордада өткен брифингте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ірі жобалар сөз болды

Қызылорда қаласында өткен брифингте «Қоғамдық келісім» КММ-сі ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай өткізілетін шараларды талқылады.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Алғыс айту» күніне орай аймақ басшысы Гүлшара Наушақызының бастамасымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын және «Қазақстан. Тәуелсіздік. Ассамблея» тақырыбында салтанатты шараны өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

- Одан бөлек облыс әкімінің орынбасары Серік Ахметтің бекітумен кешенді шаралар жоспары әзірленді. 18 ақпан мен 1 наурыз аралығында мазмұнды шаралар облысымыздың барлық аудандарында түрлі форматта өтеді, - деді ол.


Қоғамда ынтымақтастық пен өзара қолдауға бағытталған «Еліме алғыс айтамын» айдарын ашу, «Шын жүректен» тақырыбында материалдар мен бейнероликтер әзірлеу, «30 жылға – 30 тілек» әр сала үздіктерін қатыстыра отырып құттықтаулар түсіру, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында «Жүрек жылуымен» қоғамның осал топтарына гуманитарлық көмек көрсету және тағы басқа мазмұнды шаралар қарастырылды.

Сыр өңіріндегі әр этностың рухани құндылықтары, қазақ жеріне келу тарихы жайлы, оның тілі мен мәдени мұраларын насихаттау мақсатында «Ұлылық ұясы», «Ізгілікке толы жылдар» айдарымен арнайы бейнесюжеттер жарық көруде. Елге еңбегі сіңген этнос өкілдері жайлы арнайы «Тұлғалар» айдарын жүргізбекпіз, -деді.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін құрылған ең алғашқы этномәдени орталық ол - облыстық татар этнмәдени бірлестігі. Бірлестікке биыл 30 жыл толды. Осыған сәйкес бірлестіктің жоспарланған жұмыстары жайлы облыстық Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина толымды мағлұмат беріп өтті.

Ал Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Алина Новикова пандемия кезінде волонтерлік бағытында атқарылған игі жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды жоспарлармен бөлісті.

Кейін қарай