03 Қыркүйек, 2021
392
Қызылордалық ЭМБ өкілдері жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
«Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбымен өрбіген шараға 30-дан астам этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысты.
Жалпықазақстандық диктант этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатын көздейді. Айта кету керек, комиссия құрамында облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары болып, қатысушылардың сауаттылығын бағалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын. Бүгінгі өткен ашық диктанттың міндеті де осы. Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ҚХА ҒСК өкілдерімен кездесті
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты