Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Тамыз, 2020

712

Қызылорда облыстық ҚХА еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтады

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы еңбек ардагері, Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ардагері Бусыгина Майя Андреевнаның үйіне барды.


Майя Андреевна 40 жылдан астам уақыт Қызылорда қаласының бірқатар мектептерінде тарих және қоғамтану пәндерінен сабақ берді. Осы жылдар ішінде ол өзінің еңбек жолында жетістікке жетті, өзін нағыз педагог және нағыз кәсіпқой ретінде көрсетті. Барлық күш-жігерін өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнады. Өз оқушылары үшін Майя Андреевна белсенді өмірлік ұстанымның, сүйікті ісіне шексіз қызмет етудің, адамдарға деген ізгі көзқарастың жарқын үлгісі болды.

Құрметті демалысқа шыққан Майя Андреевна біздің облысымызда славян мәдениетін дамытуға, достықты, бірлік пен келісімді нығайтуға белсенді қатыса бастады. Ол «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығын құрудың бастауында тұрды және қазіргі уақытта онда Ардагерлер кеңесін басқарады. Оның еңбек және өмірлік тәжірибесі өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады.

Майя Андреевна қызылордалықтарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, алғысын білдірді.


Кейін қарай