Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2022

450

Қызылжар бірлік мерекесін тойлады

Петропавл қаласының Ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен, келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстан халқтарының бірлігі күніне арналған бұқаралық іс-шара өтті. Мерекені тамашалауға келген 700–ге жуық қатысушы мектеп аумағында бас қосты.

Оқу орнының директоры, СҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Лаззат Жолмұханова іс-шараның ашылуында сөйлеген сөзінде, қазіргі уақытта мектепте тоғыз тіл бөлімшесі жұмыс істейтінін, 22 этнос өкілдері білім алып жатқанын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және "М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының ғылыми-әдістемелік бірлестігінің мүшелері мерекеге белсенді ат салысты.


Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің тіл бөлімдері рухани мәдениет нысандары мен ұлттық дәстүрді айшықтайтын түрлі тағамдар көрмесін дайындады. Этнос өкілдері қонақтарды өздерінің туған тілінде қарсы алып, мақтанышпен өз этносына тән бұйымдар мен дәстүрлерді көрсетті.

Спорт алаңында мектеп оқушылары ерік-жігер мен ептілік сайыстырды. «Қазақстан әкелері» Республикалық әкелер қауымдастығы аталған сайысты ұйымдастыруға мектеп-кешен педагогтарына қолдау көрсетті.

Көрші алаңда қазақ бауырсақтары мен тәжік палауын дайындау бойынша шеберлік-сынып ұйымдастырылды.

Ашық сахнада жас әртістер Петропавл қаласының танымал әншілермен қосылып өнер көрсетті. Қазақстан халықтарының тілдерінде құттықтаулар айтылып, әндер шырқалды.

Солтүстік Қазақстан облысында әр этностың тек ана тілдері ғана оқытылмайды, мысалға айтар болсақ, неміс, поляк және корей тілдерін оқыту топтарында осы этнос өкілдерінен басқа да түрлі этнос өкілдері білім алуда.


Айта кету керек, Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің жұмыстары өзге де облыстарда танымал. Аталған оқу орнының ғылыми әлеуеті мен практикалық әдістемелік тәжірибесі мол педагогтары Л.Ж. Жолмұқанованың жетекшілігімен, 2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған, Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған Облыстық және Республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жеткен болатын.

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мектеп әкімшілігіне, тіл бөлімдерінің оқытушыларына және ата-аналар қауымына ауқымды мерекені ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

Базарбаев Б. К., СҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі

Кейін қарай