27 Қазан, 2020
867
«Өз тіліңді жақсы біл, өзге тілді құрметте»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев кезекті сөз кезегін алды.
- «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумында Қазақстанда өмір сүретін этностардың қазақ тілінде сөйлегенін көргенде, қатты тебірендім. Дүнген қызы Динараның «бірінші – бейбітшілік пен келісіміміз болуы керек, екінші – тілді білуді міндеттеу керек» деп айтқаны өте дұрыс. Қазақта «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген жақсы мақал бар. Біз өзімізді сыйлата алмай отырған елміз. Өзімізді құрметтете алмай отырған қазақпыз. Мұның бәрі шындық. Парламентте отырған өзбек бауырымыз «Әлемде өз тілінде сөйлемейтін бір-ақ мемлекет бар, ол – Қазақстан» деген. Осыны бүгін үлкен мәселе етіп сіздер арқылы көтеріп отырғанымызға мен қатты ризамын. Біз мұнда айтылған ойларды, сіздердің сөздеріңізді, Владимирдің үнін, Викторияның үнін теледидардан, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан жарқыратып шығаруымыз керек. Кезінде Қадыр Мырзалиев көкемізден қалған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз, менің ойымша, кезінде дұрыс айтылмаған. Бүгінгі таңда «Өз тіліңді жақсы біл, өзге тілді құрметте» дегенге бұрылуымыз керек. Сондықтан да сіздерге рақмет, Туымыз биік болсын, әрқашан бейбітшілік болсын!
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
-
Шымкентте корейлер қауымдастығының 35 жылдығы атап өтілді
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
Астанада “Мектепке жол” ҚХА қайырымдылық акциясы аясында 200-ге жуық бала мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілді
-
Ақмола облысы «Таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өткізді
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
вчера, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы