16 Қараша, 2017
832
Заң жобасы талқыланды
15 қараша күні Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылады.
Аталған құжат елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық және этносаралық қатынастар саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге, іске асыруға бағытталған.
Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық рөлін күшейтетін, қазақстандықтардың қоғамдық келісімі мен ұлттық бірлігін нығайту үшін жағдайлар жасайтын, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жалпы ұлттық азаматтық және рухани-мәдени құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететін өзгерістер енгізілген.
Жиын барысында Маңғыстау облысы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ә. Джайлханова «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңы 10-1-баппен толықтырылып, онда көрсетілген Ассамблея Кеңесінің мүшелерінің құзыры мен міндеттеріне тоқталып өтті.
Ұсынылған заң жобасының 2-1-тармағы бойынша, этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет. Бұл жөнінде Медиация кабинетінің меңгерушісі С.С. Тулебаева: «Жоба бойынша, Қоғамдық кеңестің мүшесі болуы үшін, этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет. Менің ойымша, бұл бірлестіктердің атқарып отырған жұмыстарын дамытуға септігін тигізеді», - дейді.
Жиын барысында аталған заң жобасы алдағы уақытта жұмыс тобының отырыстарында одан әрі талқыланатыны хабарланды.
Дата события ассамблеи: 17.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті