
28 Қыркүйек, 2016
988
Өзара ынтымақтастық келісімі
Қыркүйектің 27-сі күні обыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатында салтанатты іс-шара өтті. Кездесудің басты мақсаты мектеп басшылығы мен облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі арасында өзара ынтымақтастық бойынша келісімді рәсімдеу болып табылды.
Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің және облыстық «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызының айтуынша, бұл келісімнің басты мәні рухани бірлік идеяларын қалыптастыру мен өрістету, халық достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау, еліміздің болашағы – жас өскінді патриоттық бағытта тәрбиелеу болып табылады.
Өз сөзінде Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, облыстық фин-угор этномәдени бірлестігінің төрайымы Николашина Ольга Леонидовна облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жетістіктері мен өмірі жөнінде баяндап берді. «Қазіргі таңда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрамында 24 этномәдени бірлестік қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында 40-тан астам этностың өкілдері бар. Алдағы бір жыл ішінде біз сіздерді олардың мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстыратын боламыз» - деді Ольга Леонидовна. Сонымен қатар ол барлық бүлдіршіндерге жақсы оқу мен зор денсаулық тіледі.
Әрине, айтулы күні Аналар кеңесінің мүшелері құр қол келмеген еді. Ақ жаулықты әжелер балаларға түрлі тәттілерді таратты. Сондай-ақ, арнайы мектеп оқушылары үшін облыстық «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің «Ару ана» және облыстық фин-угор этномәдени бірлестігінің отбасылық «Эсне» ансамбльдері концерттік бағдарламасын ұсынды. «Ару ана» ансамблі Отан тақырыбында қазақ халықының әндерінен шашу шашты. Ал «Эсне» ансамблінің мордва, орыс және қазақ тілдерінде айтылған көңілді әндеріне барша көрермен ортаға шығып би биледі.
Шексіз алғыстарын білдірген интернат оқушылары Аналар кеңесінің мүшелеріне әдемі суретті сыйға тартты. Енді бұл туынды кеңестің кеңсесіне сән беріп тұратын болады.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
-
ҚХА ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚУАТТЫ СЕРПІН БЕРУДЕ
-
«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті
-
Бірлік пен ынтымақтастық
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
-
ҚХА ЖАСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚУАТТЫ СЕРПІН БЕРУДЕ
-
«Ассамблея жастары» РҚБ-ның жоғары оқу орындарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара іс-қимылын талқылау бойынша кеңес өтті
-
Бірлік пен ынтымақтастық