Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қаңтар, 2024

116

Бірлік пен ынтымақтастық

Саяси партиялар клубы мен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Аян Талғатұлы Зейнуллин Петропавл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өткен жылы Клуб өз тиімділігін көрсетті. Халықпен кездесулер өткізіліп, азаматтарды қоғамдық қабылдау, заңды консультациялар және т.б. ұйымдастырылды. Биыл Клубтың жұмысы жалғасып, жандандырылатын болады. Клуб қатысушылары бірлескен қызметтің зор келешегін көреді, өйткені этномәдени бірлестіктер де, партиялар да, ең алдымен, халықтың қалауын білдіреді және оның тікелей өкілдері болып табылады.

Сондай-ақ, партиялардың құрылымдық бөлімшелер – Медиация кабинетімен, Ақсақалдар кеңесімен, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалымен, ғылыми-сараптамалық топпен ынтымақтастығын жандандыру жоспарлануда.

Кейін қарай