Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Шілде, 2021

300

Өзбекстан делегациясы Маңғыстау өңіріне іссапармен келді

Маңғыстау облысының Достық үйіне Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов бастаған делегация келді.


Делегация этномәдени бірлестіктердің кабинеттерінде болып, олардың қызметімен танысып, атқарылған жұмыстар туралы кең ақпарат алды.

Делегация құрамында Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары Министрінің бірінші орынбасары Еркін Мұхитдинов, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің қызметкері Агзам Эралиев және Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы агенттіктің өкілі Равшан Атабаев және Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Ақтау қ. консулдықтың Бас консулы Нодиржон Тургунов бар.

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңесшісі М. Хайриддинов кездесу барысында өзбек этномәдени бірлестігінің өкілдерімен бірге бүгінгі таңда Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, биыл Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтенін және президенттік сайлау болатынын мәлімдеді.

Кездесу барысында Маңғыстау облысының ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, «Пахтакор» өзбек ЭМБ төрағасы Рустам Тіллабаев және басқа да бірлестік өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов бастаған делегация достық пен халық бірлігінің символы ретінде ҚХА мұражайына естелік сыйлық табыс етті.

Кейін қарай