Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2016

3137

«Жұлдызды» қоныс той!

«Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күнінің» бесінші күні «Ғаламдық бастамалар» тақырыбына арналды. Сегіз баланы асырап алған Нұрлан және Гүлжаухар Төлегеновтар отбасына арналған үй салу облыс жұртшылығы үшін ауқымды бастаманың бірі болды. 

Қостанай ауданы әкімдігінің білім беру саласының өкілдері бастаған осы игі істен сыртта ешкім қалмады. Кейін өзінің әріптестеріне облыстың басқармалары қосылып, болашақ құрылысқа 5 млн. теңге жинады.

2015 жылы қайырымдылық эстафетасын Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы қостап, 7 млн.теңге салды.. Төлегеновтар отбасы үшін жаңа үй құрылысына есімдерін және тегін айтпай ортақ жинақ сандықшаға ақша аударғандар да көп болды.

- Үйді тұрғызуды «БК-Строй» ЖШС директоры, меценат және қайырымдылық жасаушы, облыстық Кәріс қауымдастығының төрағасы Игорь Романович Ким қолына алды, - деді өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бағытұр Дандыбаев. - Бір жыл  өткен соң көркем, заманауи, кең, екі қабатты, жалпы аумағы 340 кв.м. құрайтын үй өсіп шықты.  

- Мен Төлегеновтар отбасының оқиғасын естіп, олардың жанының кеңдігіне таңданып, үй құрылысын өз бақылауыма алдым,- деді Игорь Ким, Төлегеновтар отбасына плазмалық теледидар сыйлап тұрып.

Қоныс тойын жасау салтанатты рәсімінің қызыл лентасын Игорь Ким және отанасы Гүлжаухар Төлегенова қиды. Бұл рәсімнен кейін шашу шашылды.  Осындай жақсы оқиғаға орай Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өздерінің атынан жоғарғы жағында кілті бар үш қабатты тортты сыйға тартты.

- Мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Иван Клименкоға, облыстық мәслихат депутаттары – «Фрунзенское» ЖШС директоры Николай Шерераға (Денисов ауданы), «Диевское» ЖШС директоры Олег Даниленкоға, «Вайнах» шешен-ингуш қауымының төрағасы Эльбрус Тимаевқа,  неміс қауымының төрағасы Сергей Блокқа, азербайжан қауымының төрағасы Видади Юсубовқа, «Эребуни» армян қауымының бұрынғы төрағасы Артур Абрамянға, қырғыз қауымының төрағасы Қанатбек Беделбековке, «Шолақсай-1» ЖШС директоры Өмірзақ Ихтиляповқа (Наурызым ауданы),  «Железнодорожное» ЖШС директоры Максим Артемукқа (Қарасу ауданы) демеушіліктері үшін алғысымды білдіремін.  Өзінің жәрдемін «Арвис» ЖШС, «Кардинал» ЖШС да қосты.   «МҚҰ-ШҚҰ» ЖШС  біздің отбасымызға шағын автобус сыйлады,- деп қуана айтты Гүлжаухар Қабдікәрімқызы. 

- Біздің балаларымыз түрлі ұлттан, бірақ олардың барлығы да қазақ тілін мүлтіксіз меңгерген.  Жуырда біз тағы бірнеше баланы бауырымызға басамыз деп жоспарлап қойдық. Уақыт келе үлкен бақша егіп, жеміс бағын өсіруді армандаймыз! Бірақ біз үшін ең бастысы – біздің үйімізде үнемі бала күлкісі естіліп тұрсын және Қазақстанда барлық балалар үйі тезірек жабылсын деп тілеймін! Әр бала ата-анасының махаббатына бөленіп, өз отбасында өмір сүруге тиіс!  

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай