04 Мамыр, 2016
1425
Ж. Сейдалиевке арналған бұрыш ашылды
Бүгін «Достық үйі» ғимаратында өңіріміздің құрметті азаматы, «Халық келісімі» кеңесінің тұңғыш төрағасы Жаздырхан Сейдалиевке арналған бұрыш ашылды. 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай ашылған бұрышқа облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен этномәдини орталықтардың өкілдері, Жаздырхан ағаның балалары қатысты. Сондай-ақ, бұл күні 22 сәуірде ашылған облыстық ұлттық киімдер көрмесінің жабылу салтанаты өтті. Естеріңізге сала кетейік, көрме ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1-мамыр мерекесіне орай ашылған. Сәуірдің 22 мен 29 күндері болған көрме барлығы 800-ден астам адам келген. Олар облыс тұрғындары мен қала қонақтары, оқушылар, студент жастар. «Халық келісімі» қоғамдық бірлестіктің тұңғыш төрағасы Ж. Сейдалиевке арналған бұрыштың ашылуы салтанатында оның әріптестері, балалары мен замандастары туралы естеліктер айтып, еске алды. Оның сол жылдардағы жұмысы мен тағылымды өмірі туралы дерекпен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Жайылханова бөлісті.
Ал 1994 жылы өңірге Елбасы іссапармен келіп, баламасы жоқ орталық жұмысына оң бағасы мен ақ батасын берді. Елдікті көрген Елбасы кеңесті республикалық деңгейге көтеру керектігін атап көрсеткен. Содан 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Демек, «Халық келісімін» дүниеге әкелгендер тұрақтылық пен дамудың іргетасын қалағандардың бірі деуге болады ғой. Бесік пен бейіттің арасындағы саналы ғұмырында Жаздырхан аға елеулі еңбек етті. Бұл әсте мақтау емес. Көптің көңілге түйгені осы. Ол өмірден өткенімен, өлмес-өлшеусіз із қалдырды, - деп атап өтті іс-шараға келген ҚР ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев.
Еңбегі ерен азаматқа арнап ашылған бұрышта оның өмірде пайдаланған құнды дүниелері бар. Сондай-ақ оның пайдаланған қол сөмкесі, төс белгілері, магнитафоны мен сағаты, қойын дәптері бар.
Жаздырхан Сейдалиев 1935 жылы Түркіменстанның Ташауыз облысында өмірге келді. Түркімен ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған ол 1957 – 1962 жылдар аралығында мамандығына сай су шаруашылығында жұмыс жасайды. Сосын облыстық сәулет және құрылыс бөлімін басқарады. Сонымен қамал бұзар 40 жасқа жуықтағанда ол қоныс аударып, киелі мекен Маңғыстау топырағына табаны тиеді. Жаздырхан аға мұнда да маманданған саласына ойысады. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, біліктілігі басым ол 1980 жылға дейін облыстық су шаруашылығы басқармасының бас инженері, трест басқарушысы қызметтерін абыроймен атқарған.
Ол еліміздің дінін, салт-дәстүрін жаңғыртумен қатар облыстағы қазақ жастарын бойкүйездіктен іскерлікке, ынтымаққа жігерлендіре түсті. Оның басшысы Сайынның орны ерекше еді. Құдай солай жаратқандай оның бойы өрлікке, ерлікке толы болатын. Тіпті алдына келген адамды оның көзжанарының өзі қаймықтыратын. Хакім Абайша айтсақ, оған: «Адамзаттың бәрін бауырым деп сүю» тән болатын. Осылайша «Парасаттықтар» ұлт пен ұлыстың басы қосылған облыс татулығын да басты назарда ұстап, 1992 жылы «Халық келісімі» кеңесі құрылды. Оның құрамына сол кезде 9 ұлттық мәдени орталық, 5 партия, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі, екі діни қоғамдық бірлестік және «коммунистер адам құқығы үшін» қозғалысы кірген. Еңбек ұжымдарының айрандай ұйыған орта қалыптастыруда рөлі зор болды. Әр халықтың наным-сеніміне селкеу түспей, мәдениеті мен тілінің дамуына қолдау жасалды. Осылайша Маңғыстау нағыз ұлтаралық достықтың қарашаңырағына айналып шыға келді. Жәкең «Халық келісімі» кеңесіне 1992-ден 2003 жылға дейін төрағалық етті, біз оны әрдайым еске алып. Жасаған дүниелерін ұмыпаймыз деп, - естеліктерімен бөлісті көз көргендер.
Сондай-ақ бірлесе жұмыс жасаған кездегі естеліктерімен «Вайнах» шешен-ингуш этно мәдени бірлестігінің төрағасы Лорсанов Магомед пен «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі Шахшаев Юсуп бөлісті. Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева жиналған қауымға өз тілегімен ниетін білдіріп, 1-мамыр мерекесімен құттықтады.
Мен, осы Ж.Сейдалиевке арналған бұрышты ашу туралы бастаманы білдірген этно мәдени бірлестіктердің төрағаларына алғысымды білдіргім келеді. Біз Еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан тұлғаларды ұмытпауымыз керек. Олар өзге ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықтың мызғымас, берік болуына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, баршаңызды 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Салтанатты жиыннан кейін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1-мамыр Қазақстан бірлігі мерекесіне орайластырылған «Қазақстан: ұлы елдің бірігу тарихы» - «Казахстан: история единения великой страны» - «Kazakhstan: the unity history of great country» атты эссе жазған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. Эссе жазуға облыстың әр түкпірінен келген мектеп, лицей ЖОО студенттері мен оқушылары болды. Оқушылардың шығармашылығын арттыру үшін жасалған іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева мен құрметті ақсақалдар марапттады.
Солардың бірі – Гүлжан Оңайжанова. Қазақ тілінен эссе жазу бойынша 2-ші орынды ал ағылшын тілінен 3-ші орынды иеленген Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінің №8 мектеп-гимназиясының оқушысы барша қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, өзге ұлт арасындағы келісім мәңгі болсын деп тілегін жеткізді.
Іс-шара соңында жиналғандар этно мәдени бірлестік өкілдерінің жастарымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Ислам Музаев «Мой Казахстан», «Ехпайрутюн» армян этномәдени орталығының жас өнерпазы Армен Саакян «Алға, Қазақстан» әндерімен көпшілікті тамсандырды. Сондай-ақ, №8 «Ақжелкен» балабақшасының бүлдіршіндері қазақ және өзбек биімен мың бұрала билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Форум жалғасын тапты
-
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
13 Қыркүйек, 10:29
ҚХА Төрағасының орынбасары Төрағасының орынбасарлары Лугмар Буларов және Юрий Шинмен кездесуі өтті
13 Қыркүйек, 10:30
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
11 Қыркүйек, 17:08
Қазақстан халқы Ассамблеясы киберспортты қолдайды
13 Қыркүйек, 15:22
Маңғыстау облысында ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы ұсынылды
13 Қыркүйек, 14:43
ҚХА Төрағасының орынбасары «Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығы» РҚБ активімен кездесуі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Ақмолада Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кеш өтті
-
Алматыда «Үйде Сөйле» қазақ тілінің тағы бір сөйлесу клубы ашылды
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған Форум жалғасын тапты
-
ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ АШЫЛДЫ